Activities calendar

17 February 2016

2016 жылдың ақпан айының 15-ші жұлдызында «Діннің рухани-адамгершілік әлеуеті» және «Жастар және дін» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншек-терді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие. «Еліміздің және жастардың ең басты байлығы – сапалы білім», – деп Елбасы атап көрсеткендей, заман талабын ескере отырып жастардың білімін көтеру мәселесі еріксіз назар аудартады. Білімді жастар ғана ел дамуына жол ашады. Бүгін де осындай қуатты тарихи іргетасқа сүйене отырып, Ислам өркениетінің интеллектуалдық рөлін қайта жаңғырту күн тәртібінде. Демек, ендігі кезекте жастар білім тұрғысынан өзге жұртпен терезесі тең деңгейден табылуы тиіс...