75 жылдық тарихы бар университет – ақпараттық технологияларды дамыту жолында!

         Биылғы наурыз айында болған Парламент және Үкіметтік бірлескен отырысында Елбасы Н. Назарбаев өзінің бес әлеуметтік бастамаларын жария еткені белгілі. Осы бастамалардың бірі «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» деп аталады.

         Бүгінде еліміздің ең ірі, көпсалалы оқу орындарының бірі –құрылғанына 75 жыл толып отырған М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғарыда аталған бастама бойынша қандай шаруалар атқарылып жатқандығы туралы «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Ғани Бесбаев өз ойларымен Республикалық «Замана» газеті арқылы бөлісті.

         Жүргізілген әңгіме барысында университетіміздің мерейтойы қарсаңында атқарылып жатқан іс-шаралар, білім және ғылым реформаларын  жүзеге асырудағы орны, алға қойған мақсаттары туралы мәлімет берілді. Сонымен бірге, Ғани Әбзелбекұлы Президенттің «Бес әлеуметтік бастама» шеңберінде студенттерге жасалған әлеуметтік жағдайлар туралы кеңінен баяндады.

         Аталған сұхбаттың толық мәтінімен «Замана» Республикалық газетінің     01.10.2018ж. шыққан №39(996) нөмірі арқылы таныса аласыздар.

http://www.zamana.kz/kz/akparat/18-osymsha-a-parattar/3254-a-paratty-tek...