«Абай мұрасы – халық ұлағаты»

30 қазан 2019 жылы «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Л. Ш. Есжанова ЖТ-19-3к1 тобы студенттерімен «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Рухани жаңғырудың негізгі кілті – Абай ілімін студенттерге барынша насихаттау мақсатында  Абай Құнанбаевтың өмірі, өскен ортасы, құнды қарасөздері, өлеңдері мен әндерін еске алып, рухани сусындадық.