Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл

30 сәуір. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде аса көрнекті Алаш қайраткері, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және заманауи білім беру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-қағидалық дөңгелек үстел өткізілді. АКТ кафедрасының аға оқытушысы А.К.Утелбаева ЮМ -18-1р1,2,3р топтарымен  қадірлі Ахаңының айтулы мерейтойы еліміз бойынша атап өтілетінін айтып, А.Байтұрсыновтың нағыз көсемдік, ғұламалық, ойшылдық бейнесіне сипаттама берді. Сонымен қатар дөңгелек үстелде Ахмет Байтұрсыновтың рухани мұрасымен қатар, жаңа ғасырда білім беру мәселелерінің де талқыланатынын жеткізді.