Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысшылар

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өз студенттерінің жеке дамуы үшін университет шеңберінде және одан тыс жерлерде көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі ИП-14-1р тобының студенті Байсейтова Құралай академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Приморск университетінің (Словенияда) білім алып келді. Оқу 2016 жылғы бірінші казаннан 2017 жылғы  16 ақпанға дейінгі кезенде өтті. Осының барлығы «АТжЭ» жоғары мектебі мен университеттін Болон үрдісі және академиялық ұтқырлық орталығының ынтымақтастығы мен көмегі арқасында мүмкін болды. Алмасу және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу біздің студенттерге мәдени және ғылыми қарым-қатынасты жақсарту, шетелдік серіктестер-университеттерінің тәжірибесін үйренуге көмектеседі. Студенттер үшін бұл бүкіл әлем бойынша достар табуға және шет тілдерін үйренуге үлкен мүмкіндік болып табылады.  Приморск  университетінде оқу барысында  Байсейтова Құралай  төмендегі пәндерді өтті:

  • Дискретті  математика – 4 кредит
  • Математикалық  модельдеу  -  4 кредит
  • Бағдарламалау  –    4 кредит
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету – 4 кредит