Академиялық ұтқырлық бағдарламаларының қатысушылары

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өз студенттерінің жеке дамуы үшін университет шеңберінде және одан тыс жерлерде көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебі студенті Джумаджанов Руслан академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Констанц университетінің (Германияда) білім алып келді. Оқу 2015 жылғы қазаннан 2016 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде өтті. Джумаджанов Руслан «Ақпараттық жүйелер» мамандығы, ИП-13-3a тобының студенті. Сонымен қатар, Руслан 2-ші курсында GlobalUGRAD алмасу бағдарламасы шеңберінде Gadsden қаласы Муниципалды колледжінде (АҚШ) 1 семестр оқыды. Осының барлығы АТжЭ жоғары мектебі мен университеттің Болон үрдісі және академиялық ұтқырлық орталығының ынтымақтастығы мен көмегі арқасында мүмкін болды. Алмасу және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу біздің студенттерге мәдени және ғылыми қарым-қатынасты жақсарту, шетелдік серіктестер-университеттердің тәжірибесін үйренуге көмектеседі. Студенттер үшін бұл бүкіл әлем бойынша достар табуға және шет тілдерін үйренуге үлкен мүмкіндік болып табылады.