«Ақпараттандырылған - қорғалған»

 12 желтоқсан, 2019 жыл «Энергетика және дәстүрлі емес  энергетикалық  жүйелер » кафедрасында «Электрэнергетикасы» мамандығының студенттеріне жұқпалы аурулардың және ЖҚТБ-ның алдын алуға арналған кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатқа ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматология кафедрасының өкілдері шақырылды, Мұсабаева және Сауыт Г. - резидент – инфекционистер.

Олар студенттерді жұқпалы аурулардың түрлерімен, эпидемияның себептерімен ,  таралу механизмімен, жұқпалы аурулардан қорғаудың жолдарымен, шетелде және біздің елімізде СПИД проблемаларымен  таныстырды,

АҚТҚ-жұқпасының таралуы туралы және адамның иммундық жүйесі туралы қарапайым түсінік берді, сонымен қатар осы аурудың алдын алумен таныстырылды.