Ақпараттық коммуникациялық технологиялар

 

  Кафедра меңгерушісі

Джусупбекова Гулзат Турысбековна

педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қ., Тәуке хан даңғ., 5, "4" корпусы

Телефоны: 30-05-88,  Факс: 8(7252) 30-05-88,  E-mail:   gulzat20.10@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

“ Ақпараттық коммуникациялық технологиялар ” кафедрасы М. Әуезов атындағы ОҚМУ “Информатика ” кафедрасы негізінде 2002 жылы ашылды. 2017  “Ақпараттық коммуникациялық технологиялар ”  кафедрасы  болып өзгертілді. 2002 жылы кафедра меңгерушісі ф.м.-ғ.к., доцент М.М. Медетбеков тағайындалды. 2017 жылы 28 тамызда п.ғ.к., доцент  Изтаев Жалғасбек Дулатұлы  тағайындалды. “Ақпараттық коммуникациялық технологиялар ”  кафедрасында өзгерістер болып,  2018 жылы 11 қаңтарда п.ғ.к., аға оқытушы Джусупбекова Гулзат Турысбековна тағайындалды. Кафедра құрамында 2-физика-математика ғылымдарының кандидаттары, доцент, 2-педогогика ғылым кандидаты доцент, 9–аға оқытушы, 8-оқытушы, 1-лаборант. Кафедра университеттегі барлық факультеттердің мамандықтарына министрдің оқу жоспарына сәйкес ақпараттық коммуникациялық технологиялар пәнінен сабақ жүргізеді. Кафедра жеке мамандық бойынша мамандар дайындамайды.

Біздің кафедраның курсынан кейін студенттер ақпаратты жинақтау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерімен жұмыс жасауды, кәсіптік қызметтің әртүрлі салаларында мәліметтерді сақтау, жөндеудің мәліметтер қорын және банктерін құрып олармен жұмыс атқаруды меңгеріп шығады.

Кафедра арнайы оқу лабораториялары бар және студенттердің оқу процесі мен ғылыми зерттеу жұмысында қолданылатын компьютерлік технологиясы жабдықталған аудиторияларда сабақ өтеді.

Алдағы жоспарлар           

Оқу процесінде жаңа оқыту технологияларын пайдалануды арттыру, кафедрада жас мамандардың ғылыми бағыттарын жетілдіру. Оқу, әдістеме, тәрбие, басқару, ғылыми және кәсіби бағдар процестерінде СМЖ тиімді пайдалану.

 

Ғылыми бағыты