Ақпараттық технологияларды меңгеру – басты заман

       XXI  ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі,технологиялық  мәдениет  заманы,айналадағы дүниеге,адамның денсаулығына,кәсіби мәдениетіне мұқият қарайтын дәуір. Оның  жарқын мысалы  - Біріккен Ұлттар  Ұйымының  шешімімен «XXI – ғасыр  ақпараттандыру ғасыру» деп аталған. Қуанарлығы, қазіргі кезде біздің еліміз де ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды  ақпараттандыру  болатын  жаңа  кезеңіне енді.

       Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында еліміздің  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  ең үздік үлгілермен қамту мәселесіне кеңінен тоқталып, тиісті ұйымдарға бірқатар тапсырмалар жүктеген еді. Осы  Жолдауында  Елбасы: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек», - деген еді.

      Ақпараттық  технология саласы , қазіргі уақыттың  басты дүниелерінің бірі болып тұр. Себебі қазір барлығымыз  жаңа технологияларды  қажет етеміз және оған деген сұраныс аса жоғары.

     М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан  Мемлекеттік  Университетінің «Ақпараттық  технологиялар және Энергетика жоғары  мектебінде әлемнің   заманауи  талабын қанағаттандыратын  мамандар даярлауда (Ақпраттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалықө қамтамасыз ету ,математикалық  және  компьютерлік модельдеу, жылуэнергетика, радиотехника, электроника және коммуникациялар).

    Болашақта үлкен мамандық иесі  болатынын армандайтын бала болмайды. Мамандық -  бұл  әрбір  адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертенгі болашағы.Әр адам мамандығын дұрыс тандауы  керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Біз, барша  жас түлектерді дұрыса таңдау жасауға шақырамыз!