Ақпараттық жүйелер

Кафедра меңгерушісі

Өтебаев Қалмұрат Әбдразақұлы

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

 

 

 

 

Мекен-жайы: Шымкент қ., 486018, Тәуке хан даңғ. 5, ОҚМУ,  «4» корпусы, 7-қабат, 701 каб.

Телефоны: 8(7252) 30-05-88

e-mail: kalmuratutebaev@mail.ru

►Профессор – оқытушылар құрамы

Жалпы мәлімет

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасында мына мамандықтар бойынша мамандар әзірленеді:

5В070300 – Ақпараттық жүйелер

Оқу мерзімі: 4 жыл

Маман біліктілігі: Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бакалавры.

Магистратура

6M070300 – Ақпараттық жүйелер

Профессор-оқытушылар құрамы

Қазіргі уақытта кафедрада  24 оқытушы қызмет атқаруда. Оның ішінде 2  профессор, техника ғылымдарының докторы,  1 Рhd докторы, 9 ғылым кандидаттары және доценттер, 4 магистр, 7 аға оқытушы жұмыс істейді. Кафедра құрамында  2  профессор, т.ғ.д, 9 ғылым кандидаттары, доценттер, 4 аға оқытушы және 9 магистр бар.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті Х.Б.Исмаилов «Болашақ»бағдарламасымен ғылыми тағылымдамадан   М.Ломоносов атындағы ММУ-де (Мәскеу қаласында) өтті.

Кафедра 5В070300 мамандығы бойыша бакалавр және 6М070300 мамандығы бойынша магистрлер дайындайды, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша     магистранттар іс-тәжірибені шет елдерде өтеді.

Кафедра доценті Г.А.Бердалиева TEMPUS IV CANQA жобасына сай ұйымдастырылған «Университетте кредиттік технология білімін жетілдіру» семинарына қатысып сертификат алды.

 Кафедра 2004 жылдан бастап 300 маман дайындап шығарды.Олардың көбі кала мекемелерінде және областарда әр түрлі қызметте жұмыс істейді. Олардың арасында «Альянс Банк», «Казақтелеком» АҚ,  «Салық комитеті», «Южполиметалл» АҚ,  «КазТрансГаз» АҚ салаларында  басты маман ретінде қызмет атқаруда.

 

Жаңалықтар

Елбасымыздың “Үш тұғырлы тіл”  саясатын қолдау мақсатында университет тарапынан «Global Intership» Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы тіл дамыту мақсатында “АЖ” доценті С.Б.Ботаева Италия мемлекетіне біліктілігін арттырды.

“Өрлеу” оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша “АЖ” кафедрасының оқытушысы А.А.Мугалбекова Испания мемлекетінде Валенсия Политехникалық университетінде тәжірибе алмасты.