Ашық есік

М.Ауезов атындағы ОҚМУ, «Ақпараттық технология және информатика» жоғары мектебі 27.02.2016 күні «Нұрсәт» мөлтек ауданында орналасқан №80 лицей-мектеппен бірлесіп «Ашық есік» күні өткізілді. Негізгі мақсат: бітіруші түлектерге мамандық таңдауда қателеспеу үшін дұрыс және тура бағыт-бағдар беру. Бұл іс-шарада ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтың ата-аналармен мамандық таңдау маңызды роль екендігі туралы баяндамасы тыңдалды. «АТ және Э» жоғары мектебінің декан орынбасары Е.М.Утебаев университетіміз және жоғары мектебіміз жайлы толық мәлімет беріп және ата-аналар мен түлектердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді.