АТжЭ жоғары мектептің IT орталығы

АТжЭ жоғары мектептің IT орталығында Малайзиядағы Путра университетінің профессоры Мұхаммед бин Османмен кездесу өтті. Кездесу барысында АТжЭ жоғары мектептің ПОҚ, магистранттары мен студенттері қатысты. Профессор М. Осман Путра университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті және Ақпараттық технологиялар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері жайлы айтты. Путра университеті IT факультетінің төрт кафедрасы, атап айтқанда информатика, ақпараттық жүйелер, мультимедиа, коммуникациялық технологияларды, желілік технология, бакалавриат және магистратура түрлі бағдарламалары жайлы айтылды. М. Осман Путра университетінде оқуды ұсынды, содан кейін ол қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.