Ауған соғысы ардагерімен кездесу

Ауған соғысы ардагерімен кездесу.

30 қараша күні сағат  12:50,  504Г аудиторияда, ИП-14-4к1 және  ИП-14-4к2 топтары (тәлімгерлер Муратова К.А. және  Апсеметова А.Т.)  қатысумен  «Ер есімі - ел есінде»  атты тақырыпта ашық тәлімгер сағаты өтті. Тәлімгер сағаты кафедраның тәрбие жұмысының  жоспарына сәйкес,  жастарға патриоттық тәрбие беру форматында  өткізілді. Соған байланысты  тәлімгер сағатына ауған соғысының ардагері   Өтеулиев Рақымжан Махамбетұлы  шақырылды.  Ол  «За заслуги», «От благодарного Афганского народа»,  «Красная звезда»  ордендерінің, «За отвагу и мужество»  медалінің және басқа ордендердің кавалері.   Ол 4 курс  студенттеріне  өзінің 19  жасында  бөтен елге барып,  Отан алдындағы борышын қалай атқарғаны туралы әңгіме айтты. Ауғаныстанның таулы жерлерінде дұшмандармен соғыса отырып,   жолды жау қоршауынан босатқанын әңгімеледі. Студенттер өмір туралы, саясат туралы көп сұрақтар қойды және бұл туралы  Р. М. Өтеулиев мырзаның ой-пікірін тыңдады.  Сонымен қатар  ашық тәлімгер сағатына   жоғары мектептің аға тәлімгері Э.Куленова,  ОҚМУ-дың тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Н.А.Чернявская    және кафедраның  аға тәлімгері  И.К.Кульмаханова  қатысты.

  

Студенттер   ауған соғысы ардагерімен кездесуден ұмытылмас әсер алды.