Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру және Жастар жылы аясында «Болашақ - бүгіннен басталады» қалалық турнир

2019 жылдың 2 ақпан күні «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі мен «Ақиқат» пікірсайыс орталығының ұйымдастыруымен «Болашақ – бүгіннен басталады» атты қалалық пікірсайыс турнирі болып өтті. Турнирдің мақсаты жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту, сонымен қатар биылғы жылды елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен ресми түрде бекітілген «Жастар жылына» өз үлесімізді қосу. Турнирдің мақсаты жастардың ораторлық қабілеттерін арттыру, сыни ойлау, креативтілік, топпен жұмыс жасау сынды тұлғалық қабілеттерін дамыту. Турнирге 40 фракция қатысты. Турнирді ұйымдастыру арқылы жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ой жарыстыру арқылы білімге деген құштарлықтарын ашу болды. Турнир қорытындысы бойынша І,ІІ,ІІІ орын және «Үздік спикер» номинациялар жеңімпаздарына – «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің деканы Ғ.Ә.Бесбаевтың кубогы табысталды.