«Бүгінгі келісті, болашағы өрісті»

«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Джусупбекова Г.Ж. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 2019 жылдың 28 ақпанындағы № 31 (20689) газетінде «Бүгінгі келісті, болашағы өрісті» атты мақаланы жариялады.
Ел басы Н.Ә. Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласының бесінші Түркі әлемінің бесігі қырында  түркі дүниесі пайда болып, ұлы дала төсінде жаңа кезең басталғанын, орасан зор кеңістікті игере білген түр­кілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның жә­не әлемдік сауданың орталығына ай­нал­ған ортағасырлық қалалардың гүл­денуі­не жол ашты. Мәселен, орта ғасыр­дағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі ха­лық­тарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қала­сын­да өмір сүріп, ілім таратқанын ерекше атап өткен.