COVID-2019 семинары

          18.02.2020ж. «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасында «COVID-2019» коронавирустық инфекция тақырыбына семинар өтті. Кафедраның білім алушыларына дәрісті ОҚМА «Жұқпалы аурулар және дерматология» кафедрасының 2 курс резиденттері Д. Абдумутали және Г.Сауыт оқыды. Білім алушылар аурудың белгілерімен танысты, сонымен қатар қауіпсіздік шаралары туралы ұсыныстар алды.