Дін және жастар

29 наурыз күні сағат 09-35-те 606Г аудиториясында «Дін және жастар» тақырыбында ИП-15-6р тобының ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өтті (топ тәлімгері Р.Н.Тарасова). Тәрбие сағатына ИП-15-6к2 тобы,  тәлімгері Ж.У.Нышанбаева және тәрбие жұмыстары және жастар саясаты департаментінің бас маманы Н.А.Чернявская қонақ болып шақырылды. Тақырып бойынша 3 баяндама дайындалды: «»Дін және қоғамның өзара әрекеттесуі» (баяндамашы Удалов Денис); «Діни құндылықтардың мәні және жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі» (баяндамашы Набиев Эльнур); «Дін және жастар: мәселе өзектілігі және шешу жолдары» (баяндамашы Абдуллаев Таймас). Әр баяндамашының сөзінен соң топ студенттері пікірталасқа белсене араласты.