«Діни экстермизм мен терроризм: туындау себептері мен сипаттамалары»

        «Тәуелсіздікке -25 жыл» толуына орай «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Діни экстермизм мен терроризм: туындау себептері мен сипаттамалары» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге ОҚО дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің маманы И.Абулхайров, «АТ және Э» ЖМ деканы Ғ.Бесбаев, ЖМ аға тәлімгері Ж.Нышанбаева, кафедра меңгерушісі Қ.Утебаев, кафедра аға тәлімгері Э.Куленова, академиялық топ тәлімгерлері және 1 курс студенттері қатысты. 
        Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да: «Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс», - деп шегелеп айтқанын естен шығармаған жөн. Яғни Мемлекет басшысы мұнда шынайы дін мен сол дінді бетперде еткісі келетіндердің аражігін ажыратып берген.Кездесу соңында оқытушы-ұстаздар мен студенттер өздерінің толғандырып жүрген дін тақырыбындағы сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.