«Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі»

 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы ИП-17-6к2 тобының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты «Қарабура әулие» мешітінің наиб имамы Қараев Н. шақырылды. Кездесу барысында жастар арасында дінге қатысты маңызды мәселелер айтылып, дәстүрлі діндер бойынша нақты ақпарат берілді. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының имамдарының ғана уағыздарын тыңдауға, оқуға кеңес беріліп, Қазақстан республикасы аумағында рұқсат етілген және рұқсат етілмеген діни сайттар айтылды. Дәстүрлі діни құндылықтар тақырыбын ашып түсіндіріп, дәстүрлі наным-сенімдердің шығу тарихы айтылды. Радикалды діни ағымдардың қоғамға әкелер зардаптары, терроризмсіз, зорлық-зомбылықсыз бейбіт әлем туралы, тәуелсіз Қазақстанның бейбіт болашағы біз үшін және келер ұрпаққа қаншалықты маңызды екендігі түсіндірілді. Студенттер кездесуге белсенді қатысып отырды және де сұрақтар қойып жауаптар алынды.