Діннің тәрбиелік мәні

15.03.2017ж. күні сағат 10:40, 220 аудиторияда «Діннің тәрбиелік мәні» атты тақырыпта  «Информатика» кафедрасының Сарыбай М.Ә. және Утелбаева А.К. жетекшілігімен ФК-16-5к3 тобында дөңгелек үстел өткізілді. Қатысқандар: «Ақпараттық  технология және энергетика»  жоғары мектебінің деканы Бесбаев Ғ.Ә., «Информатика» кафедрасының меңгерушісі Медетбеков М.М. және кафедра оқытушылары, облыстық  мешіттен арнайы шақырылған қонақ Саметова Д.Б.  Ең  алдымен Утелбаева А.К. сөз бастады. Ол өзінің баяндамасында құран кәрімде білім туралы айтылғанын атап өтті. Кезектегі сөз ФК-16-5к3  тобының студенттеріне берілді. Студенттер қазіргі уақыттағы діннің тәрбиелік мәні жайлы өз ойларын білдірді. Саметова Д.Б. жастардың дін туралы ойларын тыңдап отырып діни экстремизм туралы әңгіме қозғады. Студенттер қойған сұрақтарға жүйелі әрі нақты жауап  берді. Дөңгелек үстел соңында оқытушы Сарыбай М.Ә. өз ойларымен қорытынды жасады.