"Діннің тәрбиелік мәні. Жастардың діни сауаттылығы"

26.10.2018ж.күні "Діннің тәрбиелік мәні. Жастардың діни сауаттылығы" атты тақырыпта «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары М.М.Амиров мен Г.Б.Жупарбаева және облыстық мешіттен арнайы шақырылған жас ұстаз А.Арынғазыұлыжетекшілігімен ИП-18-7р,7рс тобында әңгіме жүргізілді. Алдымен М.Амиров өз баяндамасында діни сауаттылық және оның маңызы жайлы айтып өтті. Облыстық мешіттен арнайы шақыртылған жас ұстаз А.Арынғазыұлы, студент жастарымыздың дін туралы көз қарастарын тыңдай отырып, діннің тәрбиелік маңызы, діни сауатсыздық туралы және діни сауаттылықты арттыру жайлы ашық түсіндіріп өтті. Әңгіме жүргізу сабағының соңында оқытушы Г.Жупарбаева өз ойымен қорытынды жасады.