Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер

Кафедра меңгерушісі м.а.

Бердалиева Айдын Абдуллаевна

техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

 

 

 

 

 

 

Мекен-жайы: Шымкент қаласы., Тәуке-хан данғ. 5, ОҚМУ, 4 корпус, каб.301 «Э ж ДЭЖ» кафедрасы

Жұмыс телефоны: 30-12-76, 

E-mail: eeukgu@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Цели и результаты обучения образовательной программы бакалавриата 

Цели и результаты обучения образовательной программы магистратуры

Жалпы мәліметтер

«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасында  5В071800  «Электрэнергетикасы»   бағытында  бакалаврларды келесі мамандандыру  бойынша дайындайды:

  • электр жетек және технологиялық кешендерді автоматтандыру;
  • электрмен жабдықтау
  • электрмен қамтамасыздандыру және ауыл шаруашылық өндірісін автоматтандыру;
  • дәстүрлі емес жаңғыртылған энергия көздері;

5В071700 «Жылуэнергетикасы»  бағытында  келесі  мамандандырулар бойынша бакалаврларды дайындайды:

  • жылу электр станциялары

Кафедра Электроэнергетика  кәсіби  мамандандыру бағыты бойынша оқу мерзімі 1 жыл және ғылыми педагогикалық мамандандыруы бойынща оқу мерзімі 2 жыл магистранттарды дайындайды. Кәсіби магистратураны бітірген магистранттар  «Электроэнергетика»   бағыты бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесін  алады  және ғылыми педагогикалық магистратураны бітірсе  « Электроэнергетка»  бағыты бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесін алады.

 

ОҚМУ мен Гамбург Қоданбалы Ғылым Жоғарғы Мектебі арасында «Renewable energy systems» бағдарламасы бойынша бірлесіп магистранттарды дайындау жобасы бар.  2011-2015  жылдар арасында «Renewable energy systems» бағдарламасы бойынша   5  магистрант: Т.Байспаев ,  З.Примкулова, Р.Ким,  Н.Досмаилов және Н.Асылбеков  білім алды.

Біздің кафедраның бітірушілері кез келген кәсіпорындарда жұмыс істей алады және технологиялық кешендерді және электр жетектерді автоматтандыру, тасымалдау көлік құралдардың электржабдықтарын ,электр жүйелермен желілерді және электр станциялар мен қосалқы станциялар жұмысының сапасын бақылау мен   техникалық қызметті көрсете алады.

«Казахстанская правда» газетінің  2016 жылғы 18 майындағы  номерінде Қазақстан Республикасы бойынша  жоғары оқу орындарының  2016 жылғы  бағыттар мен мамандарды дайындау  деңгейі бойынша рейтингі  қорытындысы   жарияланды . Рейтингіні Тәуелсіз  аккредиттеу және рейтинг агентігі   (ТАРА)  жүргізді.  Рейтинг қорытындысы бойынша   5В071800 –Электроэнергетикасы және  5В071700 – Жылуэнергетикасы мамандықтары   Республика бойынша екінші орын  алды. Бұл  бағыттағы мамандарды «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер»  кафедрасы  дайындайды. 

Кафедрада барлық пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін казіргі заман талаптарына сай қондырғылармен жабдықталған 5 оқу зертханалары бар.    Бакалаврларды дайындауды 18 оқытушы, оның ішінде 1 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаттары,4  доцент, 3 ғылым магистрі, 9 аға оқытушы  жүргізеді.

Кафедраның зертханалық стендтері

Ғылыми жұмыс

Кафедраның негізгі ғылыми зерттеу бағыттары төмендегідей:

  • Электрлік технология мен электр жетектері үшін электр энергиясының түрлендіргіштерін зерттеу және өндеу;
  • Ультрадыбыс және электр акустикалық технологияларын зерттеу және өндеу;
  • Дәстүрлі емес және қайта жаңғыртылған энергия көздері үшін түрлендіргіштерді зерттеу және өндеу;

Бұл бағыттар бойынша қашықтықтан оқыту үшін әдістемелік қамтамасыздандыру және дербес компьютерлер базасындағы зертханалық жабдықтар үшін,  ақпараттық-өлшеуіш жүйесін өндеу , біркелкі емес жүктемедегі қозғалтқыштар жұмысының ПӘК-нің  орташа мәнін арттыру мақсатында асинхронды қозғалтқыштарды параметрлік реттеуді зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Кафедрада қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату, кадрларды дайындау, электр энергиясын түрлендіру және тасымалдау аймағында бірге зерттеулер жүргізу үшін ЖШС «Онтустик жарык» кәсіпорынмен оқу-ғылыми-өндірістік кешен құру жұмыстары жүргізілуде.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша кафедра оқытушылары тарапынан  2011-2015 жылдар аралығында 46 мақалалар мен  статьялар  Қазақстан Республикасының академиялық журналдарында басылымға шықты  және конференцияларда оқылды. Соның ішінде 11 –і  импакт-факторлы. 2015 жылы   кафедрада  «Электр энергиясының жаңартылатын көздері»  бағытында зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша әртүрлі басылымдарда 21 мақала жарияланды. Соның ішінде  2 мақала  ISITL  жинағына  Ресей  ғаылымдары   В.А. Бутузов және  С.В. Грибковпен бірлесе отырып дайындалды.

Кафедра оқытушылары түрлі конкурстардаға , ғылыми конференцияларға, көрмелерге  және жобаларға қатысып,  дипломдармен, мадақтау қағаздары мен құрмет белгілерімен марапатталған.

«Индустриальдық   технология  және энергетика. ICITE-2015»   халықаралық конференциясында

 А.Ф. Романенко  мен   МГУ профессоры  А.А.Соловьев   ОҚО  күн  панельдерін орнату алаңында

Өте қызықты  оқиғаларға  толы  -  университеттік   өмір

Сондай-ақ   кафедра студенттері   жоғары мектептің барлық іс-шараларына,  студенттер арасындағы  унивеврсиадаға  және басқа спорттық  турнирлерге   белсенді қатысады.

Біздің кафедраның студенттері арасында халықаралық деңгейдегі спорттық жетістіктерге жеткендері бар.  ИП-12- 4к1 тобының студенті Елубай Акбар  еркін күрестен спорт шебері, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының  үш дүркін чемпионы.

ИП-14-4к2 тобының  студенті  Жамбыл Абзал  волейболдан  облыстық және республикалық   түрнирлерге қатысып, жүлделі орындар алады.

2 және 3 курстың академиялық топтары  әр семестрде   футболдан турнир өткізеді.

 

Футбольная команда университета

Спорттық жетістіктер үшін марапаттау

Әрбір семестрде  академиялық    топтар  кафедраның тәрбие жоспары бойынша   ашық тәлімгер сағатын өткізеді.

ИП-14-4к1 және  ИП-14-4к2  топтарындағы (тәлімгерлері  А.Т.Апсеметова  және   К.А.Муратова )   «Дін және конфессияаралық  келісім»  тақырыбындағы  ашық тәлімгер сағаты

ИП-16-4к2 тобындағы  (тәлімгер  К.Ильясова)  «Ұстаз  -  Ұлы тұлға»  тақырыбындағы  ашық тәрбие сағаты

Университет  музейіне бірінші курс студенттерінің  экскурсиясы

Студенттер  «Жасыл ел»  қозғалысына белсенді  қатысады 

Студенттер сенбілікте

Студенттердің  күнделікті атқаратын жұмысы

Кафедрада  Студенттердің  Ғылыми-Зерттеу Жұмысы бойынша  белсенді жұмыс атқарылады.  Жоғары курс студенттері   оқу-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады, үнемі студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып отырады.

Студенттік  ғылыми-практикалық конференциядан  көрініс

Жалпы  студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында: дәстүрлі емес энергетика, баламалық энергетикадағы жоғары технологиялар,  энергия үнемдеу, компьютерлік модельдек және робототехника  мәселелері қарастырылады.

Халықаралық байланыстар

Біздің кафедра ғылыми техникалық бағыты бойынша келесі жоғарғы оқу орындарымен қарым қатынаста:

1. Гамбург Қоданбалы Ғылым Жоғарғы Мектебі

2. Нижегород Мемлекеттік техникалық университеті, Нижний Новгород қ. (Ресей)

3. Ауыл шаруашылық электрлендіру Жалпы Ресейлік ғылыми зерттеу институты, Мәскеу қаласы, (Ресей) және де жоғарғы оқу орындарымен байланыста:

1. Мәскеу энергетикалық институты (Ресей)

2. Алматы энергетика және байланыс институты

а также имеет связи с вузами:

1.     Московским энергетический институт (Россия)

Орталық  аэро-динамика  институтының   аға ғылыми қызметкері Сергей  Владимирович    Грибков  және   Москва  мемлекеттік Университетінің   профессоры,  физика-математика  ғылымдарының  докторы   Александр  Алексеевич  Соловьевпен  кездесу.   

Харьков Машина жасау  Ғылыми-зерттеу  Институтының  профессоры   Андрей Олегович Костиковпен  кездесуде   энергетика мен жылуэнергетикасының   перспективті зерттеу бағыттары талқыланды.

Іс-тәжірбие – шындық критерийі

5В071800 - «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалаврлар төмендегі тәжірибелерді өтеді:

● оқу (оқу-танысу);

● өндірістік;

● кәсіптік (диплом алды).

Оқу тәжірибесі студенттерді өнеркәсіп өндірісіндегі жұмыстарды ұйымдастыру, технология жайлы бастапқы мәліметтерді алу мақсатында өткізіледі.

Өндірістік тәжірибе өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру, экономика мәселелері, лауазымдық міндеттермен танысу, жалпы кәсіби және арнайы пәндерді оқу барысында тсуденттердің алған теориялық және практикалық білімдерің бекіту мақсатында жүргізіледі.

Кәсіптік тәжірибе бакалаврдың бітіруші кәсіптік жұмыстарының тақырыптарына байланысты материалдарды жинақтау мүмкін болатын ғылыми зерттеу мекемелерінде, өндірістік кәсіпорындарында жүргізіледі. Студенттердің тәжірибесі оқу процессі міндетті және негізгі формасы болып табылады, студенттерге алған білім деңгейлерін бағалауға мүмкіндік береді, өзіндік жұмыстар дағдыларын қалыптастыруға, теориялық білімдерін тереңдету және бекіту мақсатында жүргізіледі.

Біздің студенттер өндірістік және диплом алды тәжірибелерін төмендегі облыс пен қалалық кәспорындарда өтеді:

1. ЖШС «Оңтүстік Жарық транзит»

2. ЖАҚ «Потенциал»

3. АҚ «Южполиметалл»

4.  АҚ «Энергоорталық-3»

5. ЖШС «Оңтүстікқұс»

6. АҚ «Карданвал»

7. ЖШС «Электроаппарат зауыты»

8. АҚ «Шымкентмай»

9. АҚ «Шымкентцемент»

10. ЖШС «Шымкентсыра»

11. ЖШС «Петро Казахстан»

12. АҚ «Кентау трансформатор зауыты» Кентау қ.

2013  жылы 5В071800  «Электроэнергетика»  мамандығы  мемлекеттік  аттестациядан өтті.

 2010 жылы  «Электроэнергетика»  мамандығының    бакалавриаты мен  магистратурасының жалпы білім беру  бағдарламасы   халықаралық  ASIIN агентігінің (Германия)  аккредитациясынан  табысты  өтті.   

 2013-2014 оқу жылында  5В071700  «Жылуэнергетикасы»  мамандығының алғашқы  түлектері бітірді. 2010-2016 жылдары аралығында  кафедра  5В071700  «Жылуэнергетикасы»  мамандығы  бойынша 100-ден аса түлек  ұшырды.

Гамбургтық Жоғарғы Қолданбалы ғылымдар Мектебінде  неміс тілінде «Техника защиты окружающей среды»/ «Renewable Energy System – Environmental and Process Engineering»  бағдарламасы бойынша білім алған магистранттар    еліміздің әртүрлі өнеркәсіпорындарында  табысты еңбек етуде: : Примкулова З. - «ШымкентИнновация» ЖШС-ның  «Дәстүрлі емес  энергетика» бөлімінде  жұмыс істейді;  Т. Байспаев күн батареяларын өндіретін  «Astana sollars» зауытында  (Астана қаласы) инженер болып жұмыс істейді; Н. Асилбеков ЖШС «Шымкент май»   мекемесінде эгнергетик болып жұмыс атқарады.

Академиялық  ұтқырлық  бойынша  магистранттар  1 немесе 2  семестр шет елде білім алады. Сондай-ақ кафедра МЭИ  Ұлттық Университетімен  (Москва қ., Ресей )бірлесіп жұмыс істеу  туралы келісім-шартқа отырған.  Биылғы оқу жылында  магистрант А.Ергашев   Москва Энергетика Университетінде (Москва қ., МЭИ)  білім алуда. Осы университетте  магистранттар  міндетті   шет елдік стажировканы өтеді. 

Бұдан басқа   магистранттардың бір бөлігі    стажировканы  ҒА  ӨзР  ионды-плазмалық  және  лазерлік   технология  институтындағы   арнайы  конструкторлық – технологиялық   бюросында (СКТБ при  ИИПиЛТ  АН РУз,  Ташкент  қ.,  Өзбекстан)  өтеді.

Суретте:  магистранттар  Досмайлов Н.   және  Асылбеков Н.   сынақ   эксперименттерін жүргізуде (Гамбург  қаласы).

Суретте: магистранттар  Аманкулова А.  және   Қулжанов  Б. «Жаңартылған энергия көздері»  стендінде  зертханалық жұмыстар жүргізуде.