Ерекше қабілетті студенттерге психологиялық қолдау

25 қараша 2019 жылы “Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” кафедрасының оқытушысы Айдарова Т.Н. “Халықаралық қатынастар және құқықтану” мамандығының ЮМ 19-3р1 тобының студенттерімен “Ерекше қабілетті студенттерге психологиялық қолдау” тақырыбында дөңгелек стол өткізді. Қазіргі білім беру үрдісінің негізгі міндеті – тұлғаның танымдық жəне интеллектілік əрекеттерінің, бəсекеге қабілетті шығармашылығын жəне теориялық білімдерін тəжірибеде ұштастыруын тиімді əдістер арқылы жетілдіруді айтып өтті. Оқу іс-əрекетінің нəтижесі дайын өнімді алуда емес, болашақта қайсібір өнімді алуға мүмкіндік беретін тəсілдер мен білімдерді меңгеруге бағытталғанын, және де жоғары мектептің басты міндеті студентті кəсіби маман дайындаумен анықталатынын ескертті.