Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Кафедра меңгерушісі

Ахметова Сабира Тастановна 

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

 

 

 

 

 

Мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қ., Тәуке хан даңғ. 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, "4" корпусы, 401 ауд.

Телефоны: 8(7252) 30-14-12

e-mail: sabdas65@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары(бакалавр)

Түзету әрекеттерінің жоспары(магистратура)

Жалпы мәліметтер

1993 жылы маусым айында Қазақ химия-технология институты оқу кеңесінің шешімімен «Автоматтық жүйелерді басқару» кафедрасы құрылды. Осы шешімнің қаулысымен жаңа 22.04. – «Есептеуіш техника мен автоматты жүйелендіруді бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы ашылды. Осы мамандық бойынша оқытылған білімгерлер жүйелік программалау, шағын процессорлық кешендер мен жүйелер, программа жасаудың саймандық құралдары, есептеу архитектурасы және т.б. салаларда тереңдетілген білімдер меңгереді. Алған білімдері түлектерге мемлекеттік ұйымдарда, коммерциялық құрылымдарда, банктерде, компьютерлік технологиялар қолданылатын барлық салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жаңа компьютерлік технологияның дамуына байланысты 1997 жылы «Қолданбалы есептеуіш математика», «Автоматты жүйелендіру және есептеуіш машиналар» кафедралары бірге қосылып жаңа «Қолданбалы математика және бағдарламалық қамтамасыздандыру» кафедрасы ашылды.

2006 жылдан кафедра атауы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» болып өзгертілді.

Жалпы мәліметтер

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасында мына мамандықтар бойынша мамандар әзірленеді:

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Оқу мерзімі: 4 жыл

Маман біліктілігі: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бакалавры.

Цели и результаты обучения образовательной программы бакалавриата 

Магистратура

6M070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Цели и результаты обучения образовательной программы магистратуры 

Маман біліктілігі: «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету» техника ғылымдарының магистрі

Профессор-оқытушылар құрамы

Қазіргі уақытта кафедрада  24 оқытушы қызмет атқаруда. Оның ішінде 4 техника  ғылымдарының докторы,  1 Рhd докторы, 9 ғылым кандидаттары және доценттер, 4 магистр, 7 аға оқытушы жұмыс істейді.

Кәсіби-бағдар жұмыстары

ОҚО Сарыағаш ауданы, Т.Рысқұлов атындағы №103 жалпы орта мектебінде

жүргізілген кәсіби-бағдар жұмыстары

Ғылыми жұмыс

Кафедрада соңғы үш жылдың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде 2 докторлық, 4 кандидаттық және 28 магистрлік диссертациялар қорғалып, өнертабысқа 7 патент және алдын-ала патенттер алынды.

Кафедра бойынша 2013 жылда төмендегі көрсетілгендей ғылыми жұмыстардың нәтижелерін атап өтуге болады.

Конференцияларға қатысу және ғылыми жұмыстар жариялануы төмендегідей: жалпы 16 еңбек:

- шет елдік рейтингті журналдардағы мақала саны – 1,

- республикалық рейтингті журналдардағы мақала саны  – 1,

- алыс шет ел конференцияларындағы мақалалар саны  – 2,

- жақын шет ел конференцияларындағы мақалалар саны  –,

- ҚР халықаралық конференциялардағы мақалалар саны  –4,

- республикалық көлемде өтетін конференциялардағы мақалалар саны – 1,

- регионалды және республикалық конференциялардағы мақалалар саны – 7.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы келесідей мемлекеттік-бюджеттік ғылыми зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) бойынша жұмыс істейді:

а) т.ғ.д., профессор О.З. Сембиев тақырып бойынша:

Б-11-01-19 - «Математикалық модельдерді шешуде алгоритмдер мен бағдарламалар құрастыру».Тарау: «Фосфорлы өндірістегі шығу газдарын тазалау процессінің математикалық моделі».  Этап: «Оптималды технологиялық схемалардың синтезінің интеллектуалды сараптаушы жүйелерін құрастыру»

ә) т.ғ.д., профессор А.О. Оспанова келесі тақырып бойынша:

Б-11-01-19 - «Математикалық модельдерді шешуде алгоритмдер мен бағдарламалар құрастыру». Тарау «Өндірістік процесстерді басқарудың алгоритімін және бағдарламасын құру». Этап: «Автотолқынды процесстердің математикалық моделін құрастыру».

б) т.ғ.д., профессор А.М. Бренер келесі тақырып бойынша:

Б-11-01-19 - «Математикалық модельдерді шешуде алгоритмдер мен бағдарламалар құрастыру». Тарау «Көпфазалы субстанциялардың гамогенизациясы және дисперсті жүйелердің агрегация процесстерінің математикалық моделі». Этап: «Дисперсті жүйелердің кластірлеуі және агрегация теңдеулері кинетикалық жүйелерінің жуықталынған-аналитикалық шешімін анықтауға арналған әдістемесін құрастыру».

Кафедраның ПОҚ-ы келесі тақырыптарымен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің 2013-2015 жж. ҒІЖ гранттық қаржыландыру  конкурстарына қатысты:

  1.  «Үш фазалы гетерогенді жүйелер үшін жоғарғы тиімділікті каталитикалық реакторларды зерттеу және құрастыру», жетекшісі: т.ғ.д., профессор Ескендиров Ш.З.;
  2.  «Қажетті маркаларды алу үшін полимерлерді шығарудың өндірістік процестерін басқару және модельдеу бағдарламалары мен алгоритмдерін құру», жетекшісі: т.ғ.д., профессор Оспанова А.О.;
  3. «Полимеризациялаудың өндірістік процесстерін басқарудың ақпараттық жүйесін құру», жетекшісі: т.ғ.д., профессор Оспанова А.О.;
  4. «Модельдеу және жылжымалы шекті жүйелерде реакциялы-диффузиялық процесстерді есептеу әдістері», жетекшісі: т.ғ.д., доцент Мусабекова Л.М.

Нәтижеде 2013-2015жж. т.ғ.д., профессор Оспанова А.О. «Полимерлеу өнеркәсіптік процесін басқарудың ақпараттық жүйесін жасау» тақырыбы бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарын қаржыландыру грантын 30 млн.тенге соммасын жеңіп алды.

Кафедра профессор-оқытушылары 16 оқулық және оқу құралдарын, 15 электрондық оқулық, 4 виртуалды зертханалық жұмыс және 8 кейс даярлады.

ОБ материалдық техникалық базасы

Халықаралық байланыстар

Кафедра жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыста: Путра Малайзия Университеті (Малайзия),  Ақпараттық технологиялар, механика және оптика Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университеті (Ресей),  Новосибирск мемлекеттік университеті (Ресей),  Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Ресей), Нижегород мемлекеттік техникалық университеті (Ресей), Ташкент ақпараттық технологиялар университеті (Өзбекстан), Ресей ғылым акдемиясының Курнаков атындағы жалпы және неорганикалық химия интституты (Ресей).

Кафедраның 2 курс магистранты Б.С.Байзакова – Санкт-Петербургте, 4 курс студенті Р.Мұратұлы  – Германияда, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып өз білімін жетілдіруде. 2 курс студенттері Сабден Маржан және Мамбетова Асем Путра Малайзия университетіне 2013-2014 оқу жылының көктемгі семестрінде білім алуға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жолдамаға ие болды.

Кафедра үнемі іс-тәжірибе өту қорларын кеңейтуде. Іс-тәжірибе өту орындары:

  1.  «БанкТуранАлем» акционерлік қоғамы – банктік қызметтерді көрсету мекемесі (Шымкент қаласы);
  2.  «ПетроКазахстанОйлПродактс» – Мұнай өңдейтін өндірістік мекеме (Шымкент қаласы);
  3.  «Ferrum-Vtor» акционерлік қоғамы -  құрылыс материалдарын жасау мекемесі (Шымкент қаласы);
  4. Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті;
  5. «ПК Южполиметалл» акционерлік қоғамы – түсті металдарды және олардың қоспаларын оңдейтін өндірістік концерн. (Шымкент қаласы);
  6. «Эппл Син» ЖШС - техникалық қолдау және бағдарламалық қамтамасыз ету орталығы (Шымкент қаласы);
  7. «Казснабобразование» ЖШС - (Шымкент қаласы);
  8. «ОҚО ішкі істер департаменті» -(Шымкент қаласы);

«3DS» ЖШС-(Шымкент қаласы).

25.11.2010 - 28.11.2010 аралығында бакалавриат  050704 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және магистратура  6N0704 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламалары ASIIN неміс агенттігінде аккредиттеуден өтті.