«ЭжДЭЖ» кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары

«ЭжДЭЖ»  кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары   

 

Қаңтар айының басында, студенттердің қысқы каникулы басталғанда,  оқытушылардың сабақтан бос  уақыты бар. Бұл кезді,  барлық оқытушылар жиналып  кез келген  бір мәселерді талқылау мүмкін болған кезді,  кафедра оқытушылар қалт жібермеуге тырысады. Сөйтіп,  4 қаңтар мен 11 қаңтар аралығында  «ЭжДЭЖ»  кафедрасыда  ғылыми-әдістемелік семинары   өтті, онда  оқытушылар коллективінің әрбір мүшесі  өз пәндерін оқытудың  әдістемелік мәселелерімен  сөз сөйледі, сондай-ақ ғылыми жұмыстарының жаңа  өңдеулерімен бөлісті.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша доцент Ильясов Р.М.  баяндама жасады,   ол оқытушыларды 10 Мвт*ч -қа дейін қуаттылығы жоғары көлемде электр энергиясын жинақтау құрылғысын өңдеудің  жаңа тәсілмен таныстырды.

Басқа оқытушылар  жеке пәндерді оқыту  процесіндегі белсенді әдістер  мен сабақ өткізу  түрлері  туралы ақпаратпен бөлісті.

Аға оқытушы Овчинников В.А.  – «Жаңартылатын энергия көздері»  пәнін меңгертуде  Matlab бағдарламасын қолданатынымен  бөлісті,  аға оқытушы  Муратова К.А.  -  «Электроэнергетикадағы энергия үнемдеу» пәнін  меңгеруде  ІТ-технологиясын қолданатын SMART GRID  концепциясын түсіндіретінін  айтты, кафедра меңгерушісі  Бердалиева А.А. – электроэнергетикада  инженерлік білім беру мәселелеріне тоқталды,   оқытушы Файз Н.С.   жоғары мектепте үш тілдік білім беру маңыздылығына тоқтала келіп, электротехникалық  пәндерді оқытудағы ағылшын тілін пайдалану аспектілеріне ерекше көңіл  бөлді. Барлығының баяндамаларында қызық ақпараттар болды,  баяндамаларды талқылау кезінде  кейбір оқытушыларға  өз мақсаттарына жетудің тиімділігін арттыру үшін  жаңа ұсыныстар айтылды. 

Қорытынды мәжіліс отырысына  «АТжЭ»  жоғары мектебінің деканы Бесбаев Г.А.  қатысты, ол кафедраның   семинарға белсенді қатысқаны және  іскерлік пікірталастары үшін ризашылығын білдірді.  Кафедра мүшелері бұдан ары да семестр арасындағы  уақытты ғылыми-әдістемелік семинар    өткізуге арнайтын болып шешті.

доцент Ильясов Р.М.  баяндама жасауда

 

ЖМ деканы  Ғ.Ә.Бесбаев сөз сөйлеуде

 

Р.А:Шинибекова  баяндама жасауда

 

В.А:Овчинников баяндама жасауда

 

Э.М.Орымбетов баяндама жасауда

 

А.А:Бердалиева баяндама жасауда

 

К.А.Муратова баяндама жасауда

 

Н.Файз   баядама жасауда