«Ғашықтар күні мерекесін атап өту дұрыс, немесе бұрыс?»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 12.02.2016ж. Бас ғимарат, Мәңгілік ел, 254каб. Сағат 10:00-де «Ұлы дала өсиетін» жүзеге асыру мақсатында 14-ақпан «Ғашықтар күні мерекесін атап өту дұрыс, немесе бұрыс?» атты дөңгелек үстел және пікірсайыс ойыны өтеді.

Іс-шара мақсаты - жастардың қоғамға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдауы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қолдау туралы заңын қолдау.

Пікір-сайыс ойыны Американдық парламенттік және Линкольн-Дуглас форматтарында, қазақ тілінде өтеді. Аталған форматтар қазіргі таңда студенттер арасында кең таралған және пікір-сайысшыларға ыңғайлы. Пікір-сайыс ойынына «Ақиқат» пікір-сайыс орталығының спикерлері және «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің пікір-сайысшы белсенді студенттері қатысады. Төрешілер «Ақиқат» пікір-сайыс орталығының төрағасы бекіткен арнайы құрам болып табылады.