Халықаралық инженерлік чемпионатқа студенттердің қатысуы

       01.06.2018г.  Мәскеу  қаласында    VI   Халықаралық  инженерлік   чемпионаттың «CASE-IN»финалы аяқталды,оған   Ресей,  Белорусь, Қазақстан  және Қырғыз  Республикасының   55  жоғары техникалық оқу орнынан   500 студент      жиналды.  Финалға шыққан  студенттер   отын-энергетикалық   және  минеральды-шикізат комплексінің эксперттік қоғамына  Ресейдің  Арктика  аймағын   дамытуға   қатысты   алты бағыттағы өз  идеяларын  ұсынды:   геологиялық  зерттеу,  тау-кен ісі, металлургия,  мұнай-газ ісі, мұнай- химия және  электроэнергетика.    VI   Халықаралық  инженерлік   чемпионаттың  «CASE-IN»   финалына  «ЭжДЭЖ»  кафедрасының  доценті  жетекішілік  ететін    ИП-15-4Р   топ   студенттері  Абдуллаев Агали, Боронин Александр, Горбачев Дмитрий, Мелдебеков Марданқатысты.   Олар  финалға жолдаманы  біздің   университетте   16 сәуір күні  on-line  режимеде  өткен  VI   Халықаралық  инженерлік   «CASE-IN»  чемпионаттың   аймақтық  конкурсында  жеңіп   алды.   

VI   Халықаралық  инженерлік  «CASE-IN»  чемпионатының  сахнасы

         

       Халықаралық  инженерлік   чемпионат  «CASE-IN»  -  Ресей мен ТМД елдеріндегі  жоғары оқу орны студенттері, оқушылар  және  жас мамандар арасындағы  инженерлік кейс шешімдері бойынша практикалық-бағытталған ірі  сайыс.Жобаға  5000 болашақ инженерлер қатысты,  ал эксперт ретінде  1000  аса  Ресейдің отын-энергетикалық   және  минеральды-шикізат комплексініңөкілдері қатысты.

       Чемпионат  реальды   өндірістік  мәселелер  мен саланың    өнеркәсіптік материалдары  бойынша өңделген  мәселелерге  арналған  инженерлік  кейс бойынша     командалық  сайыс форматында  өтеді.  Қатысушылардың  шешімін  құрамында  үкімет  өкілі,   жетекші компаниялар өкілі,  жоғары  оқу орны  және  салалық  ғылыми-оқу  орталықтарының өкілі  бар  эксперттік комиссия бағалайды.

  

ИП-15-4Р тобының  студенттері мен  жетекшісі  Ильясов Р.М.  Халықаралық  инженерлік  

«CASE-IN»  чемпионатының  ашылуында

   

Студенты группы ИП-15-4Р на защите кейса в гостинице Korston

«CASE-IN»  финалы  2018 жылдың   өте үлкен  интеллектуальдық сайысы   және жас  инженерлер  арасындағы  ірі  жарыс   болды.

ИП-15-4Р  тобының студенттері Абдуллаев Агали, Боронин Александр, Горбачев Дмитрий, Мелдебеков Мардан  «Электроэнергетика»  бағыты  бойынша  «CASE-IN»  Халықаралық  инженерлік   чемпионатының   студенттік лигасы   финалистері    сертификатын алды. Команда жетекшісі   Р.М.Ильясовқа  активті қатысқаны  үшін  алғыс хат  тапсырылды.  Сондай-ақ  белсенді көмегі үшін және Халықаралық  инженерлік   чемпионат  шеңберінде  жемісті ынтымақтастығы  үшін  оқу және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор  Байблоов К.С.,  «АТжЭ»  жоғары мектебінің деканы  Бесбаев Г.А., «ЭжДЭЖ»  кафедра меңгерушісі м.а.  Бердалиева А.А.,  аға оқытушы  Овчинников В.А. жәнеоқытушы  Файз Н. алғыс хатпен  марапатталды.

Студенттерді «CASE-IN»VI   Халықаралық  инженерлік   чемпионаттағы жеңісімен   құттықтаймыз  және техникалық,   шығармашылық  табыс  тілейміз.