Jugendaustausch 2017

Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Ырыскуль  Избасова үстіміздегі 2017 жылы қыркүйек айының 17-30 аралығында Германияның Геннигсдорф қаласында іс сапармен болып қайтты. Ы.Избасованың жетекшілігімен 14 пен 17 жас аралығындағы 10 оқушыдан тұратын топ жұмысы жоба талабы бойынша үздік танылып, жоба жеңімпазы ретінде Германия Федеративтік республикасына 14-күндік саяхатқа жолдаманы жеңіп алды.  Іс сапар мазмұны Jugendaustausch -2017 халықаралық жобасы арқылы екі ел арасында мәдениет пен дәстүрді тану, шекарасыз қатынасты қалыптастыру, жастарды елдегі инфрақұрылым даму жолдары мен этникалық халықтар тұрмысымен таныстыру сынды мақсаттарды қамтыды.