Каратэ-до ASTANA OPEN

ИП-14-6а тобының студенті Жайлауова Айгерім Қайратқызы 2016 жылдың 9-10 сәүірде Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген Каратэ-до  ASTANA OPEN VI-шы Халықаралық турнирінде I-ші орынды жеңіп алды.

Айгерім – спорт шебері, каратэ-додан қара белдеу иегері. 2012 жылда Ташкент қаласында өткен Әлем кубогында – 2 орын, Азия чемпионатында – 3 орын жеңіп алды.

Жайлауова Айгерім «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ағылшын тілінде білім алуда. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Оқу озаты, түрлі ғылыми, лингвистикалық конференцияларға белсене қатысады.