«КарлсКрона»

05.02.2020 ж. «Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасында өңірдегі кеңінен танымал «КарлсКрона» компаниясының өкілдерінің «Автоматтандыру және басқару» мамандығының білім алушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында өндірістік және диплом алдындағы іс-тәжірибеден өту сұрақтары мен болашақ жұмысқа орналасу мәселелері қарастырылды. Кадрлар жөніндегі менеджері Құрау Карина ханым компания жөнінде қысқаша презентация өткізді және болашақ еңбек қызметінің келешегі туралы әңгімеледі.