Қарты бар үйдің қазынасы бар

 Желтоқсан айының 14 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан Облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "5-ші арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне "Ақпараттық теxнология және Энергетика" жоғары мектебі, 5В070400 "Есептеу техникасы және Бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының  ИП-16-6кс тобы студенттері және топ тәлімгері Мырзаметова Дария Шермаxанбетқызының ұйымдастыруымен "Қарттар біздің қазынамыз" атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға топ студенттері белсене қатысты. Мекеме тұрғындары келген студенттерге өз ризалығын білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді. Біздің бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз қарияларымыздың арқасы. Біз оларды құрметтеп, бағалауымыз керек.