Қазақ жерін қорғаудағы батырлар ролі

2018 жылдың 22 қараша күні ИП-18-6к1 тобының студенттері Қарасай батырдың 420 жылдығына арналған «Қазақ жерін қорғаудағы батырлар ролі» тақырыбында ашық тәрбие сабағын өткізді. Аталған іс-шара Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы  ұлттық болашағының бағдарламасын орындау аясында ұйымдастырылды. Ұлы даланың жеті қырының кез келгені қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау, әрі сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетіні сөзсіз.

Тәрбие сағаттың негізгі мақсаты - қазақ халқының белгілі батырлары туралы мәлімет беру;  халық батырларының өмірі, ерлік істерімен кеңінен таныстыру; Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге баулу.

Тәрбие сағатына кафедра оқытушылары, АТжЭ ЖМ аға тәлімгері Э.Куленова, жоғары мектептің кафедра аға тәлімгерлері шақырылды.

Тәрбие сағаты барысында студенттердің «Ұрпаққа аманат» арнауы орындалып, қазақ хандығының 550 жылдығына «Ел қорғаған батырлар»  көріністері қойылып, патриоттық «Мен қазақпын!», «Атамекен» әндері орындалды. Сонымен қатар, «Кім жүйрік» және «Ой қозғау» мақалдар мәтелдерді білу және қазақ батырлары туралы викторина ойнатылды.