Қиын қыстау кезеңдерден естелік

2019 жылдың 31 қаңтарында ИП-18-6р тобының студенттері Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына барды. Экскурсия барысында студенттер Шымкент мұражайы еліміздегі алғашқы саяси мұражайлардың бірі болып табылатыны және 2001 жылдың 2 қарашасында ашылғандығы туралы білді. Мұражайдың сыртқы сәулеті мен ішкі дизайны белгілі бір тақырыпқа, яғни саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға сәйкес құрылған. Сәулетші және дизайнер Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері А. Найманбай. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайында 2 зал бар: экспозициялық зал және музейдің екінші қабатында орналасқан "Тағзым ету" залы. Барлық композицияның негізі - "Репрессия"мүсіні. Стендтерде келушілердің алдында Қазақстан тарихының қайғылы беттері өтеді. Студенттер өте көп жаңа мәліметтер білді және туған жердің тарихының бағалы кезеңдермен танысты.