«Көктем аруы-2017» арулар байқауы

№3-ші студенттік жатақханада 2 наурыз күні сұлулық байқауы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа жатақханада тұратын 3 факультет және жоғары мектептің арулары қатысты. Конкурсқа ТЖ және ЖС департаментінің мамандары, декан орынбасарлары және аға тәлімгерлер шақырылды. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - өзін таныстыру, екінші кезең - өз өнерін көрсету, үшінші – дәмді және тез, төртінші – ситуациялық сұрақтарға жауап беру. Байқауға қатысушы барлақ арулар өте сұлу, талантты, өте жақсы дайындықпен келген. Сайыс жоғары дәрежеде өте қызық өтті, көрермендер ұмытылмас әсер алды. АТжЭ жоғары мектебінен ИП-16-8к тобының студенті Тұрғанбекова Назгүл сайысқа қатысып 2-ші жүлделі орынды жеңіп алды. Назгүл жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көреремендердің жүректерін бірден жаулап алды. Назгүлге оқуда сәттілік және жаңа шыңдарды бағындыруға тілектеспіз!