ҚР-дағы жоғары оқу орындарының рейтинг қорытындысы

«Казахстанская правда» газетінің  2016 жылғы 18 майындағы  номерінде Қазақстан Республикасы бойынша  жоғары оқу орындарының  2016 жылғы  бағыттар мен мамандарды дайындау  деңгейі бойынша рейтингі  қорытындысы   жарияланды . Рейтингіні Тәуелсіз  аккредиттеу және рейтинг агентігі   (ТАРА)  жүргізді.  Рейтинг қорытындысы бойынша   5В071800 –Электроэнергетикасы және  5В071700 – Жылуэнергетикасы мамандықтары   Республика бойынша екінші орын  алды. Бұл  бағыттағы мамандарды «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер»  кафедрасы  дайындайды.  Кафедра коллективін  Республика деңгейіндегі жетістіктерімен  құттықтаймыз.