«ҚР тәуелсіздігі күніне арналған ашық тәрбие сағаты»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Ақпараттық технологиялар және Энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық жүйелер және модельдеу"кафедрасының  1-курс ИП-19-3кс, ИП-19-ЗкЗ,  ИП-19-8к, ИП-18-3к1, ИП-17-Зк1топтары студенттері, тәлімгерлері:

Усенова А.Ж., Ботаева С.Б, Аманбаев Т.Р, Изтаев Ж.Д., Тағай Г.Қ. ұйымдастыруымен №3-жатақханада «ҚР  тәуелсіздігі күніне арналған ашық тәрбие сағаты " атты тәлімгерлік тәрбие сағаты өткізілді.

Тәлімгерлік сағаттың мақсаты: - Студенттерге қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта     келіп,осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын,еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, интернет желісі түрлі түсті суреттер

Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің  28 жылдығына арналған  тарихи – әдеби  ашық  тәрбие  сағатына  жиналып  отырмыз.

Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп,өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай,шарықтай берсін демекпіз.