Кәсіби-бағдар беру жұмыстар

Кәсіби – бағдар беру жұмыстарын өткізу мақсатында «Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасының профессор-оқытушылары Сарыағаш ауданына қарасты Төле би атындағы №7, Қазақстан 50 жыл атындағы №13, Ұлықбек атындағы №29, К.Тоқмұхаметова атындағы №36, Б.Майлин атындағы №37, №137, Ж. Жабаев атындағы №82,  О.Жәутіковатындағы №55 және т.б. мектептерде кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы кафедраға қатысты мектептер, атап айтсақ,"№2 "Білім-инновация" қыз балалар лицей-интернаты", №31 Терешкова атындағы жалпы орта мектептер бітірушілері арасында жұмыстар жүргізілді.

 

5В070300-Ақпараттық жүйелер және 5В070500 - «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтары бойынша «Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар», «Оңтүстік Қазақстан политехникалық», «Болашақ», «Гуманитарлық – агроэкономикалық», «Көпсалалы» колледждерде кәсіби – бағдар беру жұмыстарын жүргізілді. Университет, мамандықтар, оқуға түсу ережелер туралы ақпарат берілді.