Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2016 жылдың наурыз айының 30 күні сағат 10:00 -де«Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен университетімізге еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Оспанова Кадиша Төлеубайқызының 70-жылдық мерейтойына орай,«Importing Learning while Building Confidence & Potential» («Обучая, создаем Доверие и Потенциал»)атты тақырыпта өтетін университетаралық әдістемелік тәжірибе алмасу семинарына қатысуға шақырамыз.

Әдістемелік тәжірибе алмасу семинары ОҚМУ-дың «Ағылшын тіл білімі» , «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдері», «Аграрлық мамандықтар бойынша шет тілдері», «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедраларының білікті мамандарыжәне К.Оспанованың мол тәжірибесімен, оның еңбек жолындағы қызықты сәттерімен бөлісуден мастер класс өткізіледі.

Қымбатты әріптес,

егер сізде бөлісер ой, ұсынар әдістемеңіз, жарқын идеяларыңыз болса немесе білікті мамандардың тәжірибесінен мәліметтер алғыңыз келсе, семинарға қош келіңіз!

Ұйымдастырушы: «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасы, «Г» ғимараты, тел. 8 7252 301276