Қызылша және Конго-Қырым геморрагиялық безгегінің алдын алу бойынша іс-шара

2019 жылдың 22 сәуірінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының ИП-18-6кт тобының студенттері денсаулық сақтау органдары қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу "Қызылша және Конго-Қырым геморрагиялық безгегі" тақырыбы бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық орталық емхананың студенттер бөлімінің дәрігер-терапевті Мусабекова Ләззат Керімбекқызы, медбикелер Елікбаева Шарипа мен Накипова Айсулу, сонымен қатар М. Әуезов атындағы ОҚМУ медбикесі Сейдалиева Жадыра қатысты. Студенттер осы аурулар, сақтық шаралары және алдын алу туралы негізгі фактілерді білді. Кездесу барысында студенттерге буклеттер таратылды, бейне материалдар көрсетілді.