Лидер-Педагог 2021

Qazsaq Media ұйымдастыруымен 16.01.2021 – 01.02.2021 аралығында өткізілген Республикалық «Лидер-Педагог 2021» конкурсында «Ұлағатты ұстаз» номинациясын жеңіп алған «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Нышанбаева Қарлығаш Усербаевнаны құттықтаймыз! Үздік ұстазымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасына амандық тілейміз!
Республикалық деңгейде өткен конкурсқа Қазақстанның барлық мектептерінен, колледждерінен және жоғары оқу орындарынан мұғалімдер мен оқытушылар қатысты. Өздерінің педагогикалық қызметтері бойынша эссе жазып, белгілі бір ағартушы тұралы бейне ролик түсірді. Сонымен қатар педагогика пәнінен тест тапсырып бағын сынады.
Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде.
Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін.
Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын.
Өмірді ұғынуыңа себеп болатын, тірлікке кіруіңе көмек болатын.
Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын.
Бықсытпайтын, жандыратын.
Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын...