«Ломоносов - 2016» Халықаралық ғылыми конференциясы

Кымбатты студенттер!

Сіздерді студенттерге, магистранттарға және жас ғалымдарға арналған «Ломоносов - 2016» XII-ші Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз. Конференция 2016 жылдың сәуір айының 15-16 жұлдызында М. Ломоносов атындағы ММУ-дің Астана қаласындағы филиалында өтеді.

Конференцияға қатысуға ғылыми жетекшілерінің ұсынысымен студенттер, магистрранттар және 35 жасқа толмаған жас ғалымдар шақырылады.

Жас ғалым болып ғылыми дәрежесі жоқ докторант, ізденуші, аспирант, оқытушы, ғылыми қызметкер; ғылым кандидаты дәрежесі бар оқытушы, аға оқытушы, ғылыми қызметкер саналады. Доценттер, профессорлар, ғылым докторлары, тіпті 35 жасқа жетпесе де, конференцияға қатысушылар қатарына қосылмайды.

Егер жұмыс авторластықпен орындалса, әрбір автор қатысушыларға байланысты жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болуға тиісті.

Ғылыми жетекшімен авторластыққа жол берілмейді, алайда оған қосымша ескерме арқылы алғыс білдіруге болады.

Ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге. Студенттерді растайтын құжаттары болса жарнаны төлемеуге болады. Магистранттар және жас ғалымдар өздерінің тезистері қабылданғаннан бастап көрсетілген реквизиттерге төлеуі тиіс.

Бітіруші курстар назарына. Конференция төңірегінде жоғарғы курс студенттері мен ЖОО орнын аяқтаушы студенттерге арналған Универсиада өткізіледі. Конференция мен Универсиада жеңімпаздары ММУ дің  Қазақстандағы филиалының магистратурасына ұсыныс алады.

Ұйымдастыру комитеті Конференцианың өту тәртібін белгілеген:

14 сәуір  – қатысушылардың келуі.

15 сәуір – жалпы мәжіліс, секциялардың жұмысы, көрмелер, таныстырылымдар.

16 сәуір – жабылу салтанаты, қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

Конференцияға қатысқысы келетіндер:

  • http://msu.kz сайтына кіру;
  • қатысушыға арналған сауалнама-өтінімді толтыру;
  • рәсімдеуге қойылатын талаптарға сай толтырылған баяндама тезистерін жүктеу;
  • тезисте көрсетілген сурет кескіндерді мұрағаттап жүктеу;
  • ғылыми жетекшінің немесе ЖОО (факультет) басшылығының мөрі мен қолы қойылған ұсыныс-рецензиясын рецензияны жүктеу керек.

 

Жарнаны М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының мына шотына аудару қажет: Казахстанский филиал МГУ имени М.В.Ломоносова, ФАО «Банк ЦентрКредит» г. Астана, ИИК – KZ028560000000092301, БИК – KCJBKZKX, БИН – 001241003752, КБЕ 26.

Көрсетілген материалдар 2016 жылдың 27 наурызына дейін ұсынылуға тиіс.

Ұсынылған тезистер бойынша қатысушыларды іріктеу құқығы Ұйымдастыру комитетінде болады. Конференция материалдары тікелей көшірме жасау жолымен ғылыми жинақ түрінде жарияланады. Ұйымдастыру комитеті жол, тұрғынжай, тамақтану, конференция материалдарын поштамен тарату шығындарын мойнына алмайды.