Масленица – 2017

24 ақпан күні факультетаралық «Масленица-2017» мерекесі өтті. Масленица – бұл қысты шығарып салу, көктемді күтіп алу ежелгі славян мерекесі. Біздің университетте бұл мереке қыстың соңғы аптасында, жыл сайын, дәстүрлі кең ауқымды тойланады. Масленица мерекесіне барлық факультеттер бас тағамы блины болатын мерекелік дастархан дайындайды. Сонымен қатар, мерекелік дастарханда каравай, бәліштер, түрлі нан тағамдары және т.б. славян тағамдары міндетті түрде болу тиіс. Мереке барысында частушка және славян халықтарының билері орындалады. Биылғы масленицада АТжЭ ЖМ «Берекелі масленица» номинациясымен марапатталды.