"Математикалық логика» пәнінен ашық практикалық сабағы

"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының аға оқытушысы Нышанбаева Жанар Усербаевна "Математикалық логика"пәнінен ашық сабақ өткізді. Практикалық сабақ "Construction of Turing machines for computable function" тақырыбында іскерлік ойын түрінде өтті.

Іскерлік ойын түріндегі сабақ белгілі бір қасиеттер мен іскерлікті дамытуға, соның ішінде коммуникация және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға, бейімделе білуге немесе бірлескен шешім қабылдау қабілетін нығайтуға бағытталған.

Оқытушы оқу іс-әрекетінің мотивациясына назар аударды, сабақтың мақсатын айқындады, оқу материалын теориялық ұғынуға және тірек білімді өзектендіруге, студенттердің өзіндік жұмысына, алған білімдері мен біліктерін ұғынуға және жүйелеуге көңіл бөлді.

Практикалық сабақта қарастырылған тақырып бойынша презентация көрсетілді, тапсырмалар шешілді, бейне сұрақтар қойылды. Студенттер белсенді қатысып, сабақ соңында бағаланды.

Ашық практикалық сабаққа деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Х. Б. Исмаилов, ЕТжБҚ кафедрасының меңгерушісі С. Т. Ахметова, сонымен қатар ЕТжБҚ кафедрасының ОПҚ қатысты.