Математикалық тәсілдер және модельдеу

 

   Кафедра меңгерушісі м.а.

   Иманбаева Айгуль Баратқызы

   Физика – математика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен-жайы: Шымкент қ., 160005, Тәуке хан даңғ., 5,ОҚМУ, «4» корпусы, 8-қабат, 801 каб.

Телефоны: 8(7252) 21-19-67

Факс: 8(7252) 21-01-48

e-mail:Mtim@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра туралы мәлімет

Кафедра 5B070500 -«Математикалық және компютерлік модельдеу» және 5B050600 «Математика» мамандықтары бойынша бакалаврлар, 6M060100-«Математика», 6М070500 – «Математикалық компьютерлік моделдеу»  бағыттарында магистрлар, 6D060100-«Математика» бағытында PhD докторлар дайындайды.

Кафедрада 4 ғылым докторы, 2 Phd докторы, 3 ғылым кандидаттары қызмет атқаруда.

Жас мамандарды ғылыми тәрбиелеу жолында профессор Ә.М.Сарсенбінің жетекшілік жасауымен «Дифференциалдық операторлар және оның қолданылуы» бүкілқалалық ғылыми математикалық семинар үздіксіз жұмыс атқарып отыр.

Кафедра мамандықтары бойынша талантты жастар үшін докторантура және магистратурада оқып білім алуға, ғылыми диссертация қорғап және жоғары ғылыми технологияны қажет ететін өндірістерде істеуге мүмкіндіктері бар.

Кафедра тарихы

Кафедра 1993 жылы «Жоғарғы математика» және «Есептеу математикасы» кафедралары негізінде ашылды.

1993-1996 жылдар аралығында кафедраның алғашқы меңгерушісі қызметін ф-м.ғ.д., Садыбеков Махмуд Әбдісәметұлы атқрды. Бұл кездері кафедра «Математикалық экономика» деп аталатын.

1994 ж. «Математикалық экономика» кафедрасының меңгерушісі Садыбеков М.А. ҚР жастар сыйлығының лауреаты болды.

1995ж. математиктер командасы, СИБИРИ жоғарғы оқу орындары, Туркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның жоғарғы оқу орындары арасында болған, Қарағандыда өткен математиктер олимпиадасында бірінші орын алды. Кафедра студенті Фикина М. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияға оқуға кетті, ал кафедра студенті Тажібаев М., ҚазХТИ мен ММУ арасындағы ғылыми-техникалық келісім бойынша, М.В.Ломоносов атындағы ММУ –ға ауысты.

1996 жылы кафедра «Экономикалық кибернетика» болып өзгерді. Осы жылдан бастап, 2004 дейін ф-м.ғ.д., ҰҒА академигі Кальменов Тынысбек Шарипович кафедра меңгерушісі болды. Осы жылы, кафедра базасында, ҚР математикатерінің бірінші съезді өтті.

1999 жылы кафедра бірінші рет оңтүстік өңірде,  ғылым грантын ұтып алды.

2000 жылы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.Ш.Кальменовтың төрағалық етуімен кафедрада 01.01.02 – «Дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физика» шифрымен кандидаттық диссертация бойынша «Диссертациялық Кеңес» ашылды.

2002 жылы Исмайлов Б.Р. докторлық диссертациясын қорғады. Осы жылы кафедра студенті Гавриков М. Қазақстан мен Ресейдің техникалық университеттері арасында, математикадан болған, жарыста бірінші орын алды. Сонымен қатар, осы жылы, кафедра студенттері, ҚР университеттері арасында болған, математиктер жарысында үшінші орын алды.

2003 жылы кафедра атауы «Математикалық тәсілдер және моделдеу» болып өзгерді.

2004  – 2008 жылдар аралығында ф-м.ғ.к., Медетбекова Рыскүл Әшімаліқызы кафедра меңгерушісі болды. Бұл кездерде кафедрада, басқа-да ғалымдармен бірге, ф-м.ғ.д. Бренер А.М. жұмыс істеді.

2008 жылы Сарсенбі Ә.М. докторлық диссертациясын қорғады.

2008-2010 жылдар аралығында ф-м.ғ.к., Жапбаров Сағат Амангелдиевич кафедра меңгерушісі болды.

2010-2016 жылдар аралығында ф-м.ғ.д., проф. Сарсенбі Әбдіжахан Манапұлы кафедра меңгерушісі болды.

2016 жылғы қарашадан бастап кафедра меңгерушісі м.а.   ф-м.ғ.к.,доцент Иманбаева Айгуль Баратқызы атқаруда.

2014 жылы кафедра мүшелерінің ұйымдастыруымен еңбектері Scopus және Thomson Reuters базасына енетін ICAAM 2014 халықаралық конференциясы өткізілді. 

ICAAM 2014 халықаралық конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқаны үшін Фатих университетінің профессорлары Фейзи Башар мен А.Ашыралыевке алғыс білдіру сәті

Ғылыми бағыттар

  • Б-11-01-18– «Бір және көпфазалы орталардың кейбір есептері»
  • «Көпфазалық орталардың механика әдістерінің негізіндегі дисперсті жүйелер динамикасының математикалық моделдеуі»
  • «Инволюциясы бар екінші ретті дифференциалды операторлардың меншікті функциялары бойынша жіктемелер»

«Дифференциалдық теңдеулердің спектральді мәселелері» тақырыптарында ҚР О ж/е ҒМ гранты орындалып жатыр

Халықаралық қатынастар

Кафедра шет мемлекеттердегі университетттермен байланысты нығайтуда үлкен үлес қосуда.

Кафедра меңгерущісі, профессор Ә.М. Сәрсенбінің Измир қаласындағы Докуз Ейлүл университетінің ректоры проф. Мехмет Фузун мырзамен кездесу сәті.

Профессор Ә.М. Сәрсенбі Измир қаласындағы Эгэ университетінде

Фатих университетіндегі ғылыми семинардағы баяндамадан соң

Профессор Ә.М. Сәрсенбінің Эгэ университетінің «Тері инженерлік» кафедрасы профессорларымен әңгімелесу сәті

Профессор Ә.М.Сәрсенбі Фатих университетінің «Матемтика» кафедра меңгерушісі профессор Фейзи Башар мырзамен

Профессор Ә.М. Сәрсенбі мырзаның Эге университетінің проректоры профессор Атилла Силкү мырзамен кездесуі

В.Г.Чернышевский атындағы Саратов университетнің профессоры П.А.Терехин кафедраның ғылыми семинарында

 

Путра Малайзия  Университетінің профессоры А.Ахмедов кафедраның ғылыми семинарында

Путра Малайзия Университетінен арнайы шақырылған лектор, профессоры А.Ахмедов 6М060100 мамандығы магистранттарына сертификат табыстауда

«Математикалық тәсілдер және моделдеу» кафедрасына шет ел университеттерімен халықаралық байланыс шеңберінде дәріс оқуға шақырылған лекторлар​

Ф.-м.ғ.д. профессор Ахмедов А.

Ф.-м.ғ.д. профессор Ашыралыев А.

Ф.-м.ғ.д. профессор Лукашов А.Л.

Ф.-м.ғ.д. доцент Крицков Л.В.