"Мейірім" акциясы

Қараша айының екінші декадасында «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай ИП-15-3к1,ИП-15-3к2 топтары, аға тәлімгер Э.Т.Куленова, академиялық топ тәлімгері И.Қ.Байназарова «Шымкент мамандандырылған бөбектер үйінде» қайырымдылық акциясын өткізді. Студенттер балаларға жылы киімдер апарды. Ондағы балалардың жай-күйімен, тыныс-тіршілігімен танысты. Өздеріне жақсы тәлім-тәрбие алды деуге болады.