Мұқағали Мақатаевқа 90 жас

2021 жылдың 26 ақпан күні «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастырылуымен карантин сақтық шараларын сақтай отырып, Рухани жаңғыру аясында ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында профессор – оқытушылардың, академиялық топ білім алушылардың қатысуымен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды Жүрек!» атты позиялық еске алу кеші өтті. Кеш барысында, ақынның артына қалдырған өшпес мұрасы,  өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерін де тыңдап, әрі жүректі тебіренткен филология факультетінің білім алушыларының орындауымен «Аққулар ұйықтағанда» көрінісін көре отырып, әдемі әсер алдық. 

Білім алушылардың арасында мәнерлеп оқу, 38 шумақтан тұратын «Соқыр Ана» деген өлеңін еш кедергісіз және жүректен жүрекке жеткізіп айтқан  Алғабай Аружанның өнеріне тәнті болдық. Сонымен қатар,  барлық білім алушыларды алғыс хатпен кафедра меңгерушісі Г.Т. Джусупбекова марапаттады. Кеш соңында, кафедрамыздың аға оқытушысы Рахымбек Назираның гитарамен әсем ән шырқауымен көңілді аяқтадық.