Мұражайға – саяхат!

Университеттің 75 - жылдығына орай «Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасының 1 курс студенттерімен мұражайға саяхат жасалды. Студенттер университеттің құрылуы мен тарихы жайлы көптеген мағлұматтар алды. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.