Наурыз – күн мен түннің теңескен, молшылық пен ізгіліктің мерекесі

М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Ақпараттық Технологиялар және Энергетика» жоғары мектебі 2019 жылдың наурыз айының 18-жұлдызында  Наурыз мейрамын атап өтті. Мейрамды «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасы ұйымдастырды. Кафедра оқытушылары біркелкі қазақ халқының ұлттық киімін киді. Мерекелік дастарханға ұлттық тағамдар, наурыз көже, бауырсақ, жайылды. Салт-дәстүрге бай халқымыздың әдет-ғұрыптарынан үзінді көрсетілді. Дастархан профессорлар, студенттер мен  оқытушылар құрамына жайылды.