«New Horizons of EXPO 2017» атты тақырыпта ғылыми конференциясы

Қарашаның 17 жұлдызында техниқалых мамандықтарға арналған шет тілі кафедрасында ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебінің «New Horizons of EXPO 2017 » тақырыбында ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға 55 студент қатысты. Студенттердің жұмыстарын техникалық мамандықтарға арналған шет тілі кафедрасының аға оқытушылары Мусалиева М.О., мен Мамекова С.К және   Егемберды  А.Ә. құралған комииссия тыңдап шықты. Конференция нәтижесі бойынша 2-ші турға 20 студент өткізілді. 1-ші орынды ғылыми жетекшісі Мамекова С.К. болып табылатын ИП-16-4р тобының студенті Аманкельды Аида иеленді. 2-ші орынды ғылыми жетекшісі Туртаева Р.Н. болып табылатын ХТ-16-1р тобының студенті Зулпхарова Дайана және ғылыми жетекшісі Мерекеева А.Ж. болып табылатын ИП-16-8р тобының студенті Галиев Ралмир иеленді. Ал 3-ші орынды ғылыми жетекшісі Мамбетова Г.Т., болып табылатын ИП -16-6к тобының студенті Турсунова И., және ғылыми жетекшісі  Назарова  А.Н. болып табылатын ММГ-16-1р тобының студенті Жумахан Ж. және ғылыми жетекшісі Торебек Д.О.  болып табылатын ХТ-16-5к2 тобының студенті Корганбаева А.  иеленді.  Студенттер конференцияға ғылыми тұрдан көзқарас танытып жұмыстарын жоғары дәрежеде көрсетті.