Жаңалықтар​

Communicative methods of teaching foreign languages

Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы С.Н. Құрбанбаева 21.01.2016 ж күні «Communicative methods of teaching foreign languages» атты кафедра оқытушыларымен әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында қазіргі таңдағы шет тілін оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістер талқыланып, пікірталас өткізілді...

«ЭжДЭЖ» кафедрасының мақтанышы

4 курс студенті  Елубай Акбар   еркін күрестен Тараз қаласында өткен  Қазақстан   Республикасы  чемпионатында  97 кг  категориясында 1 орынды жеңіп алды.   Қазақстан  Республикасының   үш дүркін чемпионы,  еркін күрестен спорт шебері,  Азия чемпионатының  күміс жүлдегері  Елубай Акбар    2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың қаңтары  аралығында бірнеше халықаралық және республикалық турнирлерге,  сондай-ақ  Қазақтсан Республикасы  чемпионатына   қатысты...

Критериалды бағалауды ескере отырып топтық жұмыс ұйымдастыру

2016 жылдың 6 қаңтарында Техникалық мамандықтарға арналған шеттілдер кафедрасының аға оқытушысы Насыров Шамситдин кафедра оқытушыларына «Критериалды бағалауды ескере отырып топтық жұмыс ұйымдастыру» тақырыбына семинар өткізді.

Біліктілікті арттыру

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Мугалбекова Айдана Алтынбекқызы Испания мемлекетінде біліктілігін арттырып келді. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педогогикалық кадрлары біліктілігін  арттыратын Республикалық институт Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы АҚЖОО педагогикалық мамандары оқытушыларының «Өрлеу» Ұлттық білім жетілдіру орталығында біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 2015 жылдың  12.10. - 25.10.2015ж. Аралығында  2 апта     он-лайн (қашықтан оқыту),    26.10.- 04.11.2015ж. Аралығында 2 апта   аудиториялық сабақтар (күндізгі оқыту тренингтері) Валенсия политехникалық университетінде (Испания) жүргізілді. Барлығы – 4 апта бойына білім жетілдіру курсында болды...

Құттықтаймыз

«Ақпараттық технология және энергетика»  Жоғары  мектебінің  «Математикалық тәсілдер және моделдеу»  кафедрасының ұжымы  «МТжМ»  кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор  Сәрсенбі  Әбдіжаһан  Манапұлы және  ҚР БҒМ-ң  МжММИ–ң  профессоры, ф.-м.ғ.д.,  Садыбеков  Махмуд Әбдісәметұлын жаратылыстану  облысындағы  ғылыми зерттеулері  үшін  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  Мемлекеттік  сыйлық иегерлері   болуымен құттықтаймыз!!! Шығармашылық  табыстар, мықты денсаулық және тағыда  барлық  жақсылықтарды  тілейміз.       

New generation – New innovation

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қарашаның 24 жұлдызында техникалых мамандықтарға арналған шет тілі кафедрасында ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебінің « New generation – New innovation» тақырыбында ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға 42 студент қатысты. Студенттердің жұмыстарын техникалық мамандықтарға арналған шет тілі кафедрасының аға оқытушылары Ашимова Т.С мен Есжанова Л.Ш және оқытушы Назарова А.Н. құралған комииссия тыңдап шықты...

«ЭжДЭЖ» кафедрасындағы студенттік ғылыми-практикалық уконференция

Қарашаның  19 мен 20 аралығында «Ақпараттық технологиялар және  энергетики»  жоғары мектебінде «Нұрлы жол бағдарламасы аясында білім және ғылым» атты тақырыпта кезекті студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер » секциясы бойынша 21 ғылыми баяндама тыңдалды. Оның ішінде 7 ғылыми жұмыс  үздік деп танылды...

«Заңды білу - заман талабы» тақырыбындағы ашық тәлімгер сағаты

«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер»  кафедрасында  тәрбие  жұмысының жоспарына  сәйкес   19.11.2015 күні   сағат   10-40-та   504Г аудиториясында   ИП-14-4к1,  ИП -14-4к2  топтарының ұйымдаструымен (тәлімгерлері  Апсеметова А. ,  Муратова К.)  «Заңды білу  - заман талабы» тақырыбында ашық тәлімгер сағаты өткізілді.  Ашық тәлімгер сағатына  Университеттің тәлімгерлер кеңесінің аға тәлімгері  Бейсембай С.,  «Ақпараттық технологиялар және энергетика»  жоғары мектебінің  аға тәлімгерінің қызметін атқарушы   Куленова Э.Т.,  кафедраның аға тәлімгері Кулмаханова И.  және басқалары шақырылды... 

Беттер